Ең көп дерек Павлодар облысында тіркелді, өңірде кейінгі бір тәулікте 296 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталды. Ақмола облысында 206 адам инфекция жұқтырды.
Өңірлерде бүгінге дейінгі және бір тәулікте тіркелген дерек саны:
Нұр-Сұлтанда — 21 972(+124);
Алматыда — 21 807(+122);
Шығыс Қазақстан облысында — 20 013 (+41);
Атырау облысында — 15 936(+94);
Қарағанды облысында — 13 624(+80);
Павлодар облысында — 12 845(+296);
Батыс Қазақстан облысында – 10 782(+104);
Солтүстік Қазақстан облысында — 10 658(+109);
Ақмола облысында — 10 361(+206);
Қостанай облысында — 10 009(+137);
Алматы облысында — 9 072(+75);
Шымкентте — 5 835(+9);
Жамбыл облысында — 5 516(+22);
Түркістан облысында — 4 046(+10);
Маңғыстау облысында — 4 014(+16);
Ақтөбе облысында — 3 926(+12);
Қызылорда облысында — 3 583(+12).
Елімізде коронавирусты жұқтырғандар саны 183 999-ға жетті, оның 165 595-і жазылды, 2 527-і қайтыс болды.
COVID-19 белгілері бар пневмония
27 қаңтардағы мәлімет бойынша 59 дерек тіркеліп, 74 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 47 717 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырды, оның 564-і қайтыс болды, 35 510-ы аурудан айықты.