VIPole Secure Messengerпароль менеджері, IP маскировкасы, дауысты өзгерту және жүктелген контентті жою функциясы бар мессенджер. Бұл қолданба Еnd-to-end шифрлеу арқылы деректерді құрылғының серверінде емес, өзінде сақтауға мүмкіндік береді. VIPole-ді қолдану тегін әрі оны арнайы жазылып, бір айға сатып алып қолдануға да болады.

Келесі ұсынатын мессенджер — KeybaseӘдетте мессенджерде адамға оның байланыс нөмірі арқылы хабарласамыз. Ал Keybaseте нөмірін білмейтін таныстарға хабарласуға болады, яғни мессенджер белгілі бір адамды әлеуметтік желілер (Twitter, Reddit, Facebook, Github) арқылы табуға және оған шифрланған хабарлама жіберуге мүмкіндік береді. Қолданушыға біреудің поштасын не жеке байланыс нөмірін білу қажет емес.

Viber мессенджері бастан-аяқ шифрленеді. Мұндағы барлық чат пен қоңырау, жіберілген контент пен дерек қорғалады. Сонымен бірге SMS-те не жазылғанын компанияның өзі көрмейді әрі олар архивте сақталмайды. Шифрленген хат-хабарламаларды компаниядан тіпті арнайы органдар да ала алмайды. Тағы айта кететін жайт — Viber құпия чат қызметін қосты. Сонымен қатар қолданушылар 20 адаммен бір уақытта видео арқылы байланыса алады. 

Wickr — ең жасырын мессенджерлердің бірі. Сонысымен Telegram-ға балама саналады. Бұл мессенджерді қолдану үшін телефон нөмірін немесе электрон поштаны енгізудің қажеті жоқ. Тек ID мен пароль ойлап табу керек. Барлық дерек бірнеше жолмен шифрланады. Мессенджердегі барлық ақпарат ресурста сақталмайды, сондықтан қолданушының кімге не жібергенін бақылау мүмкін емес. Сонымен қатар бұл месенджерде экранды суретке түсіріп алу, яғни screenshot жоқ.

Wire — Skype-ты жасаған топтың идеясы. Сервисте өтпелі шифрлеу әдісі бар. Сондай-ақ бұл мессенджерде дауысты түрлендіретін тек өзіне тән SILK технологиясы қолданылады. Ол үшін қолданушы екінші адамға Opus форматымен хабарласуы керек. Бұл формат интернет әлсіз кезде де дауыстың анық шығуына көмектеседі.

Line қауіпсіз мессенджерін жапондық инженерлер тобы 2011 жылы аймақты бүлдірген Тохоку жер сілкінісінен кейін байланыс әдісі ретінде жасаған. Мессенджер әзір болған соң инженерлер көп ұзамай қауіпсіздікті жақсарту үшін бастан-аяқ шифрлеу қызметін қосты. Оны Letter Sealing немесе «Хат мөрлеу» деп атады. Бұл әдісті барлығы қолдана алады, тек арнайы қосылу керек.

CoyIMөтпелі шифрлеу әдісі бар мессенджер. Бірақ CoyIM-ді бірде-бір қолданба сервисінен таппайсыз. Себебі бұл мессенджер тек ресми сайтынан жүктеледі. Қолданбаның Android-қа арналған нұсқасы жоқ.

Threema — ешқандай әлеуметтік желіде көрінгісі келмейтін адамдарға ыңғайлы. Себебі салыстырмалы түрде аз ақшаға «құпия» байланыс қамтамасыз етеді. Тіркелгенде қолданушы 2 пароль құрастырады: бірі — ашық, екіншісі — жеке пароль. Басқа адамдардың байланыс нөмірін тек QR-кодпен сақтауға болады. Қолданушының байланыс нөмірін, электрон поштасын ешкім біле алмайды және профильдің сілтемесі әлеуметтік желілерде тарап кетпейді.

Silence, яғни «тыныштық» мессенджері бастан-аяқ шифрленген, қауіпсіз. SMS немесе MMS жіберетін қолданбаларға ұқсайды. Себебі интернет жоқ кезде де қолдануға болады. Қолданбаны пайдаланарда арнайы тіркелудің де қажеті жоқ. Бірақ Silence-ті арнайы мамандар деректерді алғысы келетін үшінші тараптың кодты ашпағанына көз жеткізу үшін үнемі қадағалап отырады.