Марат Шорановтың айтуынша, денсаулық сақтау вице-министрі, бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов және вице-министр Ажар Ғиният ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырады. Ал Марат Шорановтың өзі қазақстандық дәріні ектіреді.
Министрден бастап міндетті түрде екпе жасауға барамыз. Өз еркімізбен. Қазір екі вакцина бар деп отырмыз ғой: отандық вакцина және Қарағандыда жасалған «Спутник V» вакцинасы. Қазіргі кезде бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов, вице-министр Ажар Ғиният «Спутник V» екпесін жасауға дайын. Өз басымды айтсам, қазақстандық вакцинаны таңдап отырмын, — деді Марат Шоранов деді Марат Шоранов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.