Шымкент циркі аңдарды пайдаланудан бас тартты

Жаңа бағдарлама Наурыз мерекесі аясында және қазақ балуаны, цирк артисі Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай «Дю Солей» циркінің үздік әдістемелерін пайдалана отырып, ұлттық колориттің сақталуымен таныстырылады.

Жазбада дүниежүзінің 45-тен астам елі цирктерде жабайы аңдарды пайдалануға толығымен тыйым салынғаны туралы айтылған.

Осылайша, Шымкент-цирк алдағы уақытта келесі бағыттарда дамиды:

  • клоунада және шапито;
  • джигитовка және каскадерство;
  • жонглерлік ету және эквилибристика;
  • әуе гимнасттары.