Әлеуметтік желілерде медицинадағы жаңа стандарттарды жойып, педиатрия факультеттерін жеке мамандық ретінде қалпына келтіруді талап еткен петиция қызу талқыланып жатыр. Қазақстанда медициналық білім берудің жаңа стандарттары қабылданғаннан кейін, 2006 жылы педиатрия факультеттері жабылып қалған болатын. Ал педиатр мамандығы қалған. Тек оны ұзағырақ оқуға тура келетін. Сөйте тұра, қазір Қазақстан бала өлімі бойынша ТМД елдерінде алдыңғы орында тұр. Басты себептердің бірі — кадр жетіспеуі. Бүгінде Қазақстандағы алдыңғы қатарлы педиатрлардың бастамасымен медицина университеттеріне педиатрия факультеттерін қайтару туралы мәселе көтеріліп отыр.
«Открытая Азия онлайн» осы мәселе бойынша бір-біріне кереғар көзқарас ұстанып отырған мамандардың пікірін ұсынады.