«Цифрлық кеніш» – Қазақстандағы өнеркәсіпті цифрландыру бағытындағы жетекші жобалардың бірі. Оның маңызы туралы Үкімет деңгейінде бірнеше рет көтерілді.

Жобаны 2017 жылдан бастап республикадағы алтын өндіретін жетекші компаниялардың бірі «Алтыналмас АК» пилот режимінде жүзеге асырып келеді. Жобаның міндеті — жаңа технологиялы кен орнын құру, ондағы өндіріс циклы мен барлық бизнес-процесті толық цифрландыру. Алайда бұл механизмді іске қосу үшін, ең алдымен, тұрақты, талшықты-оптикалық интернетпен қамтамасыз етілген желілік инфрақұрылым құру қажет болды. Өйткені диспетчерлік жүйе, өндіріс учаскелеріндегі интернеттің үйлесімді жұмысы үшін жоғары жылдамдықты Wi-Fi кеңістігі қажет. Сондықтан Huawei жобаның негізгі серіктестерінің біріне айналды.

Huawei, "Цифрлық кеніш"

Huawei Technologies Kazakhstan-ның тарихы терең. Экономиканың түрлі саласында жүзеге асқан көптеген табысты жобасы бар. Компанияның басты ұстанымы – клиенттің көңілінен шығу, яғни кез келген технология жаңалығы  мен инновация нақты тұтынушының қолданысына еніп, сіңіп кетуі керек, – деді Huawei Technologies Kazakhstan клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі менеджері Михаил Чурсин.

Оның айтуынша, технологияны қолданушылар арасында «Алтыналмас АК»  АҚ көш бастап тұр.

Экономикалық әсері

2018-2019 жылдары жобадағы жұмыстың барлығы IT-инфрақұрылым құруға бағытталды. Болашақта кеніштің барлық жұмысы осыған қарай жүргізіледі.

«Цифрлық кеніш» жобасының басты мақсаты – бірыңғай база және жүйелі IT-ландшафт құру. Оның ішіне сапалы байланыс арналары, серверлік инфрақұрылым, ақпаттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бизнесті басқаруды дамытуға арналған техникалық қолдау кіреді.

Жоба авторларының бірі, «Алтыналмас АК» АҚ IT және корпоратив даму жөніндегі вице-президенті Жанар Аманжолованың айтуынша, қазір осы жоба аясында жаңғыртылған диспетчер орталықтары бар қуатты IT-инфрақұрылымы сәтті құрылған.

Жалпы, «Цифрлық кенішке» 60-қа жуық шағын жоба кіреді. Huawei-мен және басқа компаниялармен бірлесе отырып шахталарға Wi-Fi жүргізіп, Ақбақай және Ақтоғай (Пустынное) кен орындары жерүсті Wi-Fi-мен қамтамасыз етілді.

Huawei, "Цифрлық кеніш"

Қияқты темір жолстанциясынан «Ақбақай» кенішіне дейін ұзындығы 125 шақырым болатын талшық-оптикалы байланыс желісі (ТОБЖ)  салынды. 2019 жылдың сәуір айында «Ақбақай» жобасына жоғары жылдамдықты интернет ұсыныла басталды. Сондай-ақ Ақбақай және Бескемпір шахталарында 107 жерасты Wi-Fi нүктесі орнатылды. Бұның бәрі толықтай Huawei жабдықтарымен жүзеге асырылды.

Сонымен қатар «Ақтоғай» жобасы үшін карьер, орталық қойма, кен қоймасы, диспетчер және басқа да өндіріс учаскелерін қамтитын, жылдамдығы-300 Мб/с тұрақты сигнал беретін 23 нүктесі бар жерүсті Wi-Fi салынған.

Диспетчерлік орталық түрлі өндірістік жабдықтардан, соның ішінде Huawei коммутаторларынан құрастырылды.

Huawei компаниясының кәсіби командасы мен Alatau Innovations және Communication KZ сияқты серіктестердің жоғары білікті мамандарының тығыз өзара іс-қимылының арқасында ТКМК саласына озық және жаңа технологиялар сәтті енгізіліп, «Алтыналмас АК» АҚ қызметін жеңілдетті, – деді Huawei Technologies Kazakhstan клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджері Михаил Чурсин.

Мысалы, жақында Huawei командасы Communications Kazakhstan-мен бірлесіп, Қазақстандағы алғашқы RTN905 радио-релелік жабдықты кәсіпорын қажеттіліктері үшін енгізуді сәтті аяқтап, бірегейлігін тағы да бір рет дәлелдеді. Радио-релелік жабдық – 500+500мбит/с форматында жұмыс істеуді қамтамасыз ететін 1гбит/с-ке есептеліп, тапсырыс берілген.

Осының арқасында шалғай жерлерде тұрақты байланыс арнасын құруға мүмкіндік туды. Бұл тек кәсіпорынды ғана емес, сонымен бірге жақын маңдағы елді мекендердің де байланыс аясын кеңейту және қамтамасыз етуге сеп болды, – деді Михаил Чурсин.

«Цифрлық кеніш» жобасының алғашқы нәтижелерінің бірі — шығынды азайту. Осылайша, диірмендегі шар деңгейін өлшеген кездегі (ескерту: кенді ұсақтау үшін) регламенттелген тоқтап тұруларды қысқарту нәтижесінде, 2020 жылы алтын шығаруды ұлғайтудан түсетін кіріс 424,7 мың доллар болды деп болжанған.

Idc Energy Insights болжамдары бойынша, 2020 жылы жабдық өндірушілер, инженерлік қызметтер және уеб-сервистер мен API қолдауындағы IoT шешімдеріндегі IT-серіктестер арасындағы экожүйе ынтымақтастығының арқасында тау-кен компаниялары инвестициялардың өтелу уақытын 20% қысқартты.

Huawei, "Цифрлық кеніш"

Бұл 2020 жылы орындалды деп айта аламыз ба? «Иә» деуге де болатын шығар. Дегенмен әзірге жартылай ғана, – дейді Жанар Аманжолова.

Оның айтуынша, әлемдік коронавирус пандемиясы бұл болжамға түзетулер енгізді. Дегенмен алдын ала құрылған процестердің арқасында қиындықтарға қарамастан «Цифрлық кеніштің» жұмысы тіпті қатаң шектеулер кезінде де бір күнге де тоқтаған жоқ.

Қазіргі таңда бұл технологиялар көп көмек көрсетті. Пандемия және карантин режимі кезінде біз учаскелерімізді қашықтан басқара алдық, – деді Жанар Аманжолова.

Карантин енгізілгеннен кейін кен орнына бару немесе қызметкерлерді шығару мүмкін болмады. Алайда жедел іске қосылған жүйелердің арқасында жұмысты бас кеңседен басқарып, бақылай отырып, қашықтан жұмыс режиміне көшірілді. Ал қызметкерлер сол жерде отырып-ақ отбасынан хабар алып отырды. Жоғары сапалы интернеттің арқасында мәжбүрлі оқшаулау кезінде отбасымен онлайн хабарласып отыруға мүмкіндік көп болды. Сапалы интернет байланысы барлық жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті, оларды бақылау да үзілген жоқ. Сөйте тұра, компанияның барлық қызметкері қашықтан жұмыс істеуге көшті. Олар әлі де осы режимде жұмыс істеп жатыр.

Әлеуметке әсері

Жобадағы негізгі қиындықтың бірі – нысанның халық аз қоныстанған ауданда орналасқаны болды. Жоба басталғанға дейін жергілікті тұрғындар мен әлеуметтік инфрақұрылым нысандары мүлдем байланыссыз болды.

«Ақбақай» және «Ақтоғайдағы» инфрақұрылым аясында компания жақын маңдағы елді мекендер үшін де интернет арналарын таратты. Осылай жергілікті тұрғындар да айтарлықтай әлеуметтік қолдауға ие болды.

Карантин кезінде интернетпен қамтамасыз ету мәселесі ерекше маңызды болды. Интернетпен қарапайым азаматтар ғана емес, сонымен қатар әкімдіктер, медицина пункттері, балалар мекемелері және тағы басқа нысандар да қамтамасыз етілді.

Осының арқасында пандемия кезінде білім беру мекемелеріне бара алмайтын жастар мен мектеп оқушыларына қашықтан білім алуға мүмкіндік берілді. Байланыс операторлары желі жүргізуге құлшынбағандықтан, мұның барлығын компания өз есебінен жасады.

Біз бұл жобаны жүзеге асырудың оң әсерін биыл өндіріс учаскелеріндегі операциялық қызметті пандемия режимінде қашықтан басқарған кезде көрдік. Сондай-ақ жүргізілген инфрақұрылымдардың арқасында жақын маңдағы елді мекендерге әлеуметтік көмек пен қолдау көрсете алдық, – деді Жанар Аманжолова.

Болашаққа жоспар

Маманның айтуынша, іске асқан барлық шаруа, ең алдымен, адамның қол еңбегін жеңілдетуге, күнделікті күйбең операцияларды алмастыруға бағытталған. Бұнымен қатар, өнеркәсіптегі қауіпсіздікті және жергілікті жерлерде еңбек жағдайын қорғауды да қамтамасыз етеді. Мысалы, «Ақбақай» және «Ақтоғай» кеніштерінде смартфонның немесе планшеттің көмегімен еңбекті қорғау және өнеркәсіптегі қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және тағы басқа салалардағы ереже бұзушылықты тіркеуге және қадағалауға мүмкіндік беретін нұсқау модулі іске қосылды.

Huawei, "Цифрлық кеніш"

Болашақта компания стратегиясы деректерді талдау және олардың негізінде шешімдер қабылдау бойынша жұмысты қамтымақ.

Біз жүйелерімізден алатын деректердің көмегімен бизнестің бізге қоятын сұрақтарына жауап беруді, проблемалардың салдарымен емес, себептерімен күресуді, сондай-ақ болашақта шетін жағдайларды болжауды үйренгіміз келеді, – деп түсіндірді Жанар Аманжолова.

Неғұрлым сенімді және сапалы деректер алынса, өндіріс жұмысы да соғұрлым тиімді болмақ.

Сонымен қатар болжам бойынша, 2022 жылға қарай тау-кен кәсіпорындарының 30%-і 5G, LTE, спутниктік және тіркелген желілер арқылы үйлестірілген стратегияларын әзірлейді және инвестициялайды деген жоспар бар. Бұл тұрғыда Huawei компаниясының ролі де даусыз болмақ. Сондай-ақ осы уақыт ішінде ірі тау-кен өндіруші компаниялардың 60%-і цифрлық өндірістік инновациялық орталықтарға ие болады деп болжанып отыр. Бұл болжамдардың барлығы да «Алтыналмас» жобаларының стратегиясында көрсетілген. Бұл – шығынды 20% қысқартып, кен өндіру компанияларының барлық саласындағы барлау, өндіру, тасымалдау, ұсақтау, қайта өңдеу, қалдықтарды басқару және түпкілікті өнім шығару сияқты операциялық жұмыстардағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді деп болжанып отыр.

Бұл болжамдардың қаншалықты шынайы екенін тексеру үшін барлық жұмысты жақсы инфрақұрылымға бағыттау қажет. Бұл – байланыс арналары, ақпараттық қауіпсіздік, сенімді серверлік және желілік инфрақұрылым, – деп түсіндірді «Алтыналмас» вице-президенті.

Айта кетейік, «Алтыналмас» компаниясы жүргізген зерттеу нәтижесінде, әлемде көптеген компания R&D-ға (ғылыми-зерттеу қызметі) инвестиция салатыны анықталды. Әлемдегі 2500 ірі компанияның 51-і Industrial Metals&Mining секторына кіреді. Сөйте тұра, R&D шығындары бойынша тізімдегі алғашқы 20 компания ҚХР-дікі. Олардың шығындардың ең жоғары көрсеткіші кірістің 5%-і. Қалған компаниялар бойынша орташа мән 1% болады. «Алтыналмаста» R&D шығындары 2018 жылғы 1,21%-дан 2020 жылы 3,07% дейін өсті. Алдағы уақытта осы көрсеткішті арттыру тренді жалғаспақ.