Оның айтуынша, коронавирустың екінші толқыны басталды деп айтуға әлі ерте. Күзден бастап жағдай тұрақтанды, карантин арқасында науқастар саны көбеймеді.
Алда Жаңа жыл келе жатыр. Бүкіл қазақстандыққа ескерту жасадық. Отбасымен жиналмай, көпшілік бар жерге бармай, маска тағып, арақашықтықты сақтауға үндеп отырмыз. Бірақ Жаңа жылдан кейін ахуал өзгеруі мүмкін, бәрі өзімізге байланысты. Карантин талаптарын дұрыс сақтап, қолдансақ, сонда жағдай тұрақты болып қала береді деп ойлаймыз. Бірақ сақталмаған жағдайда өсуі мүмкін, — деді Марат Шоранов.
Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустың 733 жаңа дерегі тіркелді.
Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 152 460-қа жетті, 139 843 адам аурудан айықты, 2 259 науқас қайтыс болды.