Биылғы ең танымал тауарлар санатына үйге және бау-баққа арналған мерекелік заттар, жаңажылдық гирлянда мен түрлі жарық құрылғылары, сыйлық ретінде сатып алынған балалар заттары кіреді. 2020 жылдың қыркүйегі мен желтоқсаны аралығында осы тауарлар барлық Жаңа жыл қарсаңында сатып алынғандардың 85%-іне тең болған.
2019 жылы Қазақстан азаматтары мереке болардың алдында үйді безендіруге арналған гирлянда, әртүрлі шырша ойыншығы, жаңажылдық тоқыма мата, қабырға мен терезеге арналған жапсырмалар алған. Ал биыл бұл заттарға жаңажылдық фотосессияға арналған декорация, отбасыға арналған пижама, ересектерге арналған жаңажылдық киімдер мен балалардың мерекелік костюмі қосылыпты.
Жалпы алғанда, қазақстандықтар мейрам қарсаңында 6 миллион теңгеге балаларға арналған тауар сатып алған. Ең танымал жаңа жыл киімі бағасы 5000 теңге тұратын рождестволық принті бар көйлек екен.
2021 жыл қарсаңындағы ең қымбат тауар — бұғы, пингвин және Аяз ата суреттері бар жаңажылдық стильдегі төсек-орын жабдығы. Оның бағасы — 56 000 теңге.
Жаңа жыл тақырыбына сай келетін тағы бір сыйлық адвент-күнтізбе бағасы жөнінен екінші орында тұр. Ол 25 000 теңге тұрады. Бұл кәдесый пойыз, шырша, Аяз ата шанасы және басқа да тақырыптық формада берілген.
Ел азаматтары үй жануарын да ұмытпапты. ТОП тауарлар ішінде жануарларға арналған жаңажылдық костюмдер, стильді көбелек галстук бар. Бұл санаттағы заттарды сатып алғандар орташа есеппен 3 000 теңге төлеген.
Былтырғыдай Жаңа жыл атмосферасын жасауға арналған гирляндалар биыл да ең танымал тауар лар қатарына кіріп отыр. Платформада олардың әртүрлі түс пен қоңырау, жұлдыз, бұғы және классикалық шам сияқты формада 10 мыңдаған түрі сатылды. Қазақстандықтар мұның бәріне 10 миллионға жуық теңге төлеген.
Қазақстан азаматтары шырша безендіру үшін киіз бұғы ойыншығын да көптеп сатып алыпты. Мұндай бір ойыншықтың орташа бағасы 240 теңге тұрады.
Тағы оқыңыз: