Созақ аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер металл құрастыру зауытының ұжымымен кездесті

Nur Otan партиясынан кандидаттар Б.Байғараев, Б.Тұрғанбаев, Р.Әлжанов, Ғ.Жүсіп, Г.Әлімбекова, Г.Есмұратова, Н.Майусова, Г.Биғондиева аудандағы индустриалдық аймақта бірнеше жылдан бері табысты еңбек етіп, аудан экономикасына үлкен үлес қосып келе жатқан «UKO-S-Star металл құрастыру зауыты» ЖШС ұжымымен кездесті.

Nur Otan партиясы, Созақ ауданы
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Кездесуде үміткерлер жерлестерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесімен құттықтап, алда келе жатқан ҚР Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауына бір кісідей қатысып, елдегі ең үлкен саяси күш — Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.

Nur Otan партиясы, Созақ ауданы
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Партия өзінің құрылу кезеңінен бастап, еліміздегі тұрақтылық пен дамудың, отандастарымыздың әл-ауқатын арттыру қадамдарының басында болып келе жатқанын, алдағы 5 жыл ішінде елімізде, оның ішінде Созақ ауданында жүзеге асатын мақсаттар мен міндеттері атады.

Кандидаттарға зауыт ұжымы сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды, пікір ескерілді.

Ескерту: Nur Otan партиясының Созақ аудандық штабының сайлау қорының қаражатынан төленді.