Аягөз Тәшімова, бухгалтер:
Halyk bank картасын қолданып жүргеніме үш жылдан асты. Мен жұмыс істейтін компания жалақы жобасын бірнеше банктен ашыпты. Halyk bank-ті өзім таңдадым. Бірнәрсе сатып алған сайын төлем құнының 1%-і бонус түрінде түсіп отырады. Жиналған бонусты басқа банктердегі сияқты тек онлайн төлемге емес, картамен зат сатып алғанда да жұмсауға болады. Бонусты жұмсаудан шектеу жоқ. Сонымен бірге Homebank қолданбасын пайдаланамын. Онда бәрі балаға да, қартқа да түсінікті. Қолданбаның маған ұнайтын тұсы — басқа шотқа ақшаны оңай аударуға болатыны. Ол үшін банк комиссия ұстамайды. Halyk bank-тен басқа банк шотына қаражат аударуға болады. Қандай сома аударсаң да, банктің ұстайтын комиссия өзгермейді, 150 теңге.
Halyk bank банкоматы Алматыда өте көп, кез келген жерден табылады.
Бұл банк маған ұнайды. Тек хешбек қосқанын қалаймын, мейрам күндері басқа банктер бонустың мөлшерін көбейтеді.
Halyk bank басқаларына қарағанда қауіпсіз. Басқа банкте қолданбасында немесе сайтында техника ақаулары болып тұрады. Ал осы банкті қолданған үш жылда ондай ақау болған емес. Қаражатымның жоғалып кетпейтініне сене аламын. Өзге банктер клиенттерге түрлі нәрсе ұсынады, бірақ олар ақшаны сақтау жағынан қауіпті болуы мүмкін.
Данияр Сәкен, кәсіпкер, FinArt консалтинг компаниясының директоры:
2015 жылы алғаш бизнес бастағаннан бері Halyk bank-тің заңды тұлға ретінде тұрақты клиентімін. Банк таңдаудағы критериім – бөлімшелер мен банкоматтардың жеткілікті болуы, қызмет көрсету жүйелілігі және қаражаттың жоғалмайтынына сенім. Бұл банктегі онлайн шот ашу, тегін онлайн банкинг, автокассаның қызметін қолдану, банк кепілдемелерін жедел алу мүмкіндігі заңды тұлғалар үшін ыңғайлы. Айтып отырғанымның бәрі іс жүзінде шынымен көмектеседі. Мысалы, бір рет өндіріске қажет болып, шетелдік фирмадан тауар алуға тура келді. Сол кезде онлайн банкингпен валюта операциясын жедел рәсімдеу септігін тигізді.
Homebank қолданбасын пайдаланамын. Меніңше, жеке тұлғаларға арналған бұрынғы Қазком банкінің Homebank қолданбасы функционалының заман талабына сай өзгертілген нұсқасы Қазақстандағы еш банктікінен кем түспейді. Әсіресе, Apple Pay-мен төлей алу карточканы үйде ұмытып кетуге үйретті. Айтпақшы, ақшаны кез-келген банк карточкасына аудару комиссиясы өте төмен. Тексеріп көріңіз. Жалпы Halyk bank-ті қаржы мен уақытты бағалай алатын кез-келген тұлғаға ұсынар едім.
Бэлла Орынбетова, журналист:
Halyk bank, біріншіден, қауіпсіз. Қолданбасында 3D secure коды бар. Қаражаттың сенімді банкте тұрғаны жақсы ғой, алаңдамайсың. Банк картасы онлайн сауда жасағанда да, ақшаны онлайн аударғанда да тиімді.
Екіншіден, Homebank қолданбасының функционалы кеңірек. Ішінде бәрі бар, түсінікті. Мысалы, үйден шықпай-ақ, Western union аударымдарын жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар қолданба арқылы басқа адамға ақшаны оңай аудара аламын.
Үшіншіден, жеке тұлға үшін проценті аз. Өзім картаны жалақы алу үшін аштым. Ол үшін банкоматтан бірде-бір комиссия ұстамайды. Halyk bank өзіме барлық жағынан ыңғайлы.