Басты бетМедицинаАлматы коронавирус...

Алматы коронавирус бойынша «жасыл» аймаққа енді

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта. Бұл өңірлерде карантин шектеулері қатаң сақталуға тиіс.

Ал «сары» аймақта Нұр-Сұлтан, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстары бар.

Қалған өңірлер «жасыл» аймақта. Мұнда коронавирус бойынша ахуал тұрақты, шектеу шараларын босаңсытуға болады.

Фото: Hls.kz

Еске салайық, мұның алдында Алматы «сары» аймақта болған еді. Бүгінге дейін қаланың 16 333  тұрғыны коронавирус жұқтырды. Қазір Алматы COVID-19 жұқтырған науқастар саны бойынша 2-орында тұр.

Өткен тәулікте өңірде 64 жаңа дерек тіркелді.