Қазақстандағы COVID-19 және пневмония статистикасы. 4 желтоқсан

Жаңа дерек Қызылорда облысынан өзге өңірлерде тіркелді.

Ең көп науқас тағы да Шығыс Қазақстан облысында анықталды. Мұнда кейінгі тәулікте 137 пациент коронавирус жұқтырды. Павлодар облысында 106, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 90 адам COVID-19-бен ауырды.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 134 706-ға жетті. Оның ішінде:

Шығыс Қазақстан облысында — 16 807 (+137);
Алматыда — 16 333(+64);
Нұр-Сұлтанда — 16 278(+88);
Атырау облысында — 11736(+28);
Қарағанды облысында — 11 187(+23);
Батыс Қазақстан облысында — 81 81(+41);
Солтүстік Қазақстан облысында — 6 803(+90);
Павлодар облысында — 6 780(+106);
Алматы облысында — 5 826(+25);
Қостанай облысында — 5 638(+85);
Ақмола облысында — 5 522(+90);
Шымкентте — 5 390(+9);
Жамбыл облысында — 4 482(+15);
Ақтөбе облысында — 3 502(+9);
Түркістан облысында — 3 500(+5);
Маңғыстау облысында — 3 445(+4);
Қызылорда облысында — 3 296(+0).

Жазылып шыққандар

Қазақстанда тағы 639 адам коронавирусты жеңді:

Нұр-Сұлтанда — 65;
Алматыда — 36;
Шымкентте — 5;
Ақтөбе облысында — 2;
Атырау облысында — 8;
Шығыс Қазақстан облысында — 152;
Жамбыл облысында — 10;
Батыс Қазақстан облысында — 25;
Қарағанды облысында — 17;
Қостанай облысында — 126;
Қызылорда облысында — 4;
Павлодар облысында — 90;
Солтүстік Қазақстан облысында — 98;
Түркістан облысында — 1.

Елімізде барлығы 118 643 науқас COVID-19-дан айықты.

Ауырып жатқандар

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 14 000 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 912 бала бар. 3 560 науқас стационарларда, 10 440 адам амбулатория жағдайында ем алып жатыр.

Науқастардың арасында 229 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 34 пациенттің жағдайы аса қатты ауыр, 29 адам өкпені  жасанды желдету аппаратына қосылған.

COVID-19 белгілері бар пневмония

Өткен тәулікте 225 дерек тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 64 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 42 680 адам коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырды, барлығы 30 792 адам жазылып шықты.

Қайтыс болғандар

Кеше коронавирус жұқтырған 7, пневмониямен ауырған 2 пациент қайтыс болды.

Бүгінге дейін COVID-19-дан 2 063, пневмониядан 448 адам өлді.