Күздің соңғы күнінде коронавирус пен пневмония статистикасы қалай өзгерді?

Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын 794 адам жұқтырды, 7 пациент қайтыс болды.

Жаңа дерек тағы Шығыс Қазақстан облысында көп тіркелді. Мұнда 125 адамнан инфекция анықталды. Павлодар облысында 121, Солтүстік Қазақстан облысында 108 адам COVID-19 жұқтырды.

Ал Қызылорда облысында бірде-бір науқас жоқ.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 131 65-ға жетті. Оның ішінде:

Шығыс Қазақстан облысында – 16 316 (+125);
Алматыда – 16 103(+70);
Нұр-Сұлтанда -16 043(+54);
Атырау облысында – 11 633(+17);
Қарағанды облысында – 11 102(+25);
Батыс Қазақстан облысында – 8 038(+44);
Солтүстік Қазақстан облысында – 6 399(+108);
Павлодар облысында – 6 375(+121);
Алматы облысында – 5 714(+32);
Шымкентте – 5 365(+4);
Қостанай облысында – 5 299(+87);
Ақмола облысында – 5 163(+91);
Жамбыл облысында – 4 422(+11);
Ақтөбе облысында – 3 484(+3);
Түркістан облысында – 3 478(+1);
Маңғыстау облысында – 3 435(+1);
Қызылорда облысында – 3 290(+0).

Аурудан айыққандар

Қазақстанда тағы 274 адам COVID-19-ды жеңді:

Ақтөбе облысында – 2;
Атырау облысында – 3;
Шығыс Қазақстан облысында – 180;
Батыс Қазақстан облысында – 12;
Қарағанды облысында – 20;
Қостанай облысында – 2;
Қызылорда облысында – 3;
Павлодар облысында – 17;
Солтүстік Қазақстан облысында – 35.

Елімізде барлығы 116 461 адам коронавирустан жазылды, 2 034 науқас қайтыс болды.

Емделіп жатқандар

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 164 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 905 бала бар. 3 516 науқас стационарларда, 9 648 адам амбулатория жағдайында ем алып жатыр.

222 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 31 науқастың жағдайы аса қатты ауыр, 33 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

COVID-19 белгілері бар пневмония

Өткен тәулікте жаңа 43 дерек тіркелді. Бір күнде 41 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 42 147 науқастан пневмония анықталды, оның 443-і қайтыс болды, барлығы 30 535 адам жазылды.