Басты бетҚоғамБақытжан Сағынтаев:...

Бақытжан Сағынтаев: Алматы «сары» аймаққа кірді

Бақытжан Сағынтаев дүниежүзінде жағдай ушығып тұрғанын еске салып, босаңсымау керек екенін айтты.

Құрметті алматылықтар. 2020 жыл біз үшін үлкен сабақ болды. Ең бастысы — босаңсымау. Пандемия басылған жоқ. Дүниежүзіндегі жағдай да ушығып тұр. Алматы жұқтыру қаупінің «сары» аймағына енді. Баршаңызды санитар ережелерді қатаң сақтауға шақырамын. Жағдай күрделенсе, режимді күшейтеміз, — деп жазды Алматы әкімі.

Бұған дейін Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметкерлердің 80%-ін қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру керек екенін айтқан еді.