Жандарбек Бекшин қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге үндеді

Жандарбек Бекшиннің мәліметінше, қазір үйде оқитын оқушылар арасында ауру жұқтыру дерегі көбейіп жатыр. Өйткені коронавирусты үйге кеңседе жұмыс істейтін ата-аналары, түнгі клубқа баратын аға-әпкелері әкеледі.

Қыркүйектен бері 115 бала ауырды. Оның 109-ы онлайн, алтауы офлайн оқыды. Бұл деректер №8 гимназияда, жекеменшік мектептерде, STEAM SCHOOL, Mирас, Haileybury мектептерінде болған — оларда бір-бір деректен тіркелген. Бұл кластар карантинге жабылды. Балалар 14 күнге карантинге жіберілді. Коронавирусты кеңседе жұмыс істейтін ата-аналары, түнгі клубқа баратын аға-әпкелері әкеледі, сол себепті балалар ауырып жатыр. Жұмыс берушілерге  қызметкерлердің 80%-ін қашықтан жұмыс істетуді ұсынамыз, — деді ол.