Жастарға арналған «Дарын» сыйлығы биыл кімдерге берілді?

Сыйлық 10 номинация бойынша 19 жасқа берілді. Марапатталғандардың ішінде спортшы Юлия Галышева, журналист Рауан Мыңбаев, Парламент Сенаты аппараты басшысының орынбасары Максим Споткай бар.

2020 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы номинацияларының иегерлері:

Ғылым:

Мұқатаев Жүсіпбек;
Әшімова Әсем.

Эстрада:

Болсанбек Дәрия;
Кенішқалиев Бексұлтан.

Классикалық музыка :

Дүйсембаев Қалқаман;
Мүсірғалиева Жібек.

Халық шығармашылығы:

Мұқият Асқар;
Түрікпен Күнсұлу.

Әдебиет:

Шеризатов Арман.

Театр және кино:

Серіков Әбілмансұр;
Валиуллиев Жасқайрат.

Спорт:

Галышева Юлия;
Кенжеғалиев Жігер.

Дизайн және бейнелеу өнері:

Әбішев Ардақ;
Тоқтасынова Ақбота.

Журналистика:

Мыңбаев Рауан;
Сартбаева Әсем.

Қоғамдық қызмет:

Споткай Максим;
Болысов Тоқтар.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы 1992 жылдан бері әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, эстрада, халық шығармашылығы сияқты 10 номинация бойынша беріліп келеді. Осы кезге дейін оған 200-ден аса талантты жас ие болды.

Бұл сыйлық әр жылдары Аманжол Әлтаев, Дәрмен Сәдуақасов, Максим Здоровец, Мария Мудряк, марқұм Денис Тен, Әділ Ахметов сияқты белгілі тұлғаларға, «Ұлытау» шығармашылық ұжымына және басқаларға берілді.