Облыс әкімінің атап өтуінше, мал шаруашылығында былтыр өңірде ірі қара мал саны – 4,4%, қой мен ешкі – 5,5%, жылқы – 8,5%, түйе – 5,3% өскен.
Негізгі міндет – жайылымдық шаруашылықта пайдалануға болатын жайылымдардың тиімділігін арттыру. Ол үшін пайдаланылмаған жайылымдардағы 452 су көзін жөндеуді жоспарладық. Бұл үшін шамамен 7 миллион гектар жерді пайдаланамыз. Мұнан бөлек, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу бойынша жалпы сомасы 10 миллиард теңгеден астам 33 жоба жүзеге асырылуда, – деді брифингте Гүлшара Әбдіқалықова.