Басты бетЖаңалықтарНұр-Сұлтандағы дәмхананың...

Нұр-Сұлтандағы дәмхананың бірінде жарылыс болды

2020 жылғы 21 қарашада сағат 12.25-те Нұр-Сұлтанның Төтенше жағдайлар департаменті кезекші-диспетчер қызметі пультіне дәмхананың бірінде газ баллоны жарылғаны туралы хабар түскен.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Оқиға орнынан өрт сөндірушілер барғанда үйдің ішінде бір қыз бен 15 газ баллоны бар екені анықталған. Жарылыстан ас бөлмесіндегі шатыр құлап түскен, — дейді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Алдын ала мәлімет бойынша, дәмханадағы қыз үйінді астында қалып, қайтыс болды.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Оқиға орнында Нұр-Сұлтанның ТЖД өкілдері, Апаттар медицинасы орталығының 21 құтқарушысы мен 5 техника жұмыс істеп жатыр.