Басты бетҚоғамАуыр атлетикадан...

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты онлайн өтеді

Ертең, 21 қараша күні ауыр атлетикадан жекелей және командалық Қазақстан чемпионаты өтеді.

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауыр атлетикадан республикалық біріншілік онлайн форматта өтеді. Ел біріншілігіне ұлттық құрама сапындағы бірінші нөмірлі спортшылардың көпшілігі қатысады.

Жарыстың алғашқы күнінде әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, ерлер арасында 45 және 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшылар өзара бақ сынайды.  Қазақстан чемпионаты 27 қарашаға дейін жалғасады.