Қызылорда өңірінде 260 мыңға жуық отбасының әлеуметтік картасы жасалды

Қазір бірқатар мемлекеттік бағдарлама бар, олардың шеңберінде өз кәсібін ашуға грант немесе несие алуға болады. Ең біріншіден, оларға қандай бағдарлама бойынша қандай қолдау алуға болатынын түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, егер қажет болса, оқытамыз, қайта даярлаймыз. Бұл көпбалалы отбасыларға ғана емес, жұмыссыздарға да, азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына да қатысты. Дегенмен көпбалалы отбасылардың өзге санаттарға қарағанда кейбір артықшылығы бар. Атап айтқанда, олар үшін өз ісін құруға және дамытуға арналған кредит басқа санаттарға қарағанда (6%) неғұрлым төмен пайызбен (4%) немесе басым негізде өтеусіз гранттармен беріледі. Оларда үйінде отырып-ақ жұмыс істеуіне мүмкіндік бар, — деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Биыл облыста аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың 1229 мүшесі жаңа идея ұсынып, бизнестеріне грант ұтып алды. Бұл мақсатта бөлінген грант — жалпы шағын және орта бизнеске арналған гранттар санының 30%-і.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен қоса, біз осындай отбасылардан шыққан балаларға спорт кешендерінде, спорт секцияларында және тағы басқа тегін қызмет көрсетуге тырысамыз, — деді Қызылорда облысының әкімі.

Бүгінде халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы мыңнан астам студент өңірде сұранысқа ие мамандықтар бойынша облыс әкімінің гранты негізінде еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Биыл облыс әкімінің грантын алған 150 студенттің 69-ы — көпбалалы отбасылардың балалары. Жалпы, облыс бойынша 30 мыңнан астам аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсетіліп отыр, олардың 25 мыңнан астамы — көпбалалы отбасылар.

Әрине, ешкім өмірдің қиындығынан сақтандырылмаған. Біреулер көп жылдан соң ғана өз отбасындағы қиындықтарды еңсере алады. Кейбір адам мұндай жағдайда қайда бару керегін білмейді немесе оларды шешуге көмектесетініне сенбейді. Сондықтан біздің міндетіміз — осындай адамдар мен отбасыларға қиын жағдайдан шығару үшін қажет қолдау көрсету. Ендігі міндетіміз — азаматтардың өтініштері негізінде ғана жұмыс істемей, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды өзіміз іздеп табу. Бұл мақсатта қазір «Е-Халық» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Шамамен 807,5 мың адамға (257 мың отбасы) арналған электрондық әлеуметтік карталар қалыптастырылды. Бұл әр отбасының өмір сүру деңгейін автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. Осы жүйенің арқасында жыл басында біз қиын жағдайға тап болған 949 отбасын анықтадық. Нәтижесінде, мемлекеттік органдардың бірлескен іс-қимылдарының арқасында бүгінде қиын жағдайдағы 2 отбасы ғана қалды, — деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Мұқтаж жандарға мемлекеттік қолдаудың барлық шарасын көрсету үшін Қызылордада «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы жұмысын бастады. Оның негізгі қызметі — өмірлік қиын жағдайдан толық шыққанға дейін отбасын сүйемелдеу. Біреуге атаулы көмек керек, біреуге психологиялық көмек, біреуге жұмысқа орналастыру және тағы басқасы қажет. Бұл тәжірибені келесі жылы Байқоңыр мен облыстың барлық ауданына таратуды жоспарланып отыр.