Қызылордада ақпараттық саясат жөнінде семинар-тренинг өтті

Шараны Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Ашық азаматтық қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Қала, аудан әкімдіктерінің, облыстық басқармалардың баспасөз хатшыларына арналған облыстық семинарда видеоблогер, ютубер, қоғам белсендісі Герман Дьяченко YouTube видеохостингінде жұмыс жүргізу мен оны ілгерілетудің жолдары жайлы айтса, облыс әкімінің баспасөз қызметінің маманы, журналист, Naqty aqparat интернет каналының бас редакторы Абай Тағыберген бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнату, әлеуметтік желіде конструктив дұрыс пікірлер қалыптастыру, контентті дамыту мәселелері бойынша жан-жақты сөз қозғады.

ақпараттық саясат, тренинг
Фото: Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі

Шара барысында мемлекеттік мекемелердің баспасөз хатшылары ақпараттық саясатты жүргізуде азаматтардың сұраныстарына құлақ асып, жедел әрі тиімді әрекет ету үшін әлеуметтік желіде халықпен кері байланыс орнатудың маңыздылығы мен халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастырудың жолдарын талқылап, еркін форматта ой бөлісті.