Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 22 жастағы азаматы қайтыс болды

Бейбарыс Арын былтыр Оңтүстік Кореяға ақша табу үшін кеткен. Апта бұрын ол отырған көлік Кенсан қаласында бетон қоршауға соғылған. Содан бері туыстары Бейбарыстың денесін үйіне әкелуге тырысып жатыр. Қайырымды жандардың арқасында 3 миллион теңгедей ақша жинаған.

Бейбарыс отбасында жалғыз асыраушы еді, Арыста 2 қарындасы, інісі және науқас анасы қалды. Анасы 2-топ мүгедегі, ұлының қазасы туралы әлі ештеңе білмейді.

Марқұмның туыстары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бейбарыстың денесін Қазақстанға жетізуді сұрап, видеоүндеу жазды.

Қандай қазақ адамды 15 күн ұстап отырады, айтыңызшы! Менің сүйікті інім қайтыс болды. Не істерімізді білмей отырмыз. Анамның денсаулығы қазір өте нашар. Егер ол бәрін білсе, комаға түсуі мүмкін. Одан айырылғым келмейді. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізден көмек сұраймын. Бауырымның денесін Отанына әкелуге және жер қойнауына табыстауға көмектесуіңізді сұраймын, — деді жігіттің әпкесі Ақнұр Арын.

Үндеуді Сыртқы істер министрлігі естіді. Ведомстводағылар Бейбарыстың отбасына көмектесуге уәде етті. Жақында оның денесі Түркістан облысына жеткізіледі.

ДереккөзTengrinews.kz