Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында 200 төсек-орынға лайықталған модульді жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы жүріп жатыр.
Айта кетерлігі, 200 төсек-орынның 180-і инфекциялық жұқпалы ауруларға, ал 20 орын реанимациялық ауруларға арналған. Ауруханада цифрлы рентген аппараты, ултрадыбыстық аппараттар және өзге де озық үлгідегі техникалар емделушілерге қызмет ететін болады.
Нысанның құрылысы жоспарланған аймақта барлық қажетті инженерлік желілер мен көлік инфрақұрылымы бар. Жалпы, инфекциялық стационардың құрылыс жұмыстары қараша айында аяқталатын болады.