Адам неге ақша жинай алмайды? Ғылым түсіндіреді

“Неге ақша жинай алмаймын?” деген сұрақ көп оқырманды мазалайтын сияқты. Оның бірден-бір дәлелі – қазан айында Димаш Зиядиннің “Адам неге ақша жинай алмайды? Ғылым түсіндіреді” атты мақаласының көп оқылуы. Автор материалда қор жинап, қаражатты дұрыс ұстауға кедергі болатын қасиеттерді ғылым тұрғысынан түсіндіріп көрді.

ақша жинау
Иллюстрация: Freepik.com

“Қызсың ғой”. Сексизммен күресіп жүрген Ботакөздің әңгімесі

Туған күн отырыстарында достарым, әріптестерім ылғи “бақыт деген жұмыс емес, бақыт — тұрмысқа шығу, үндемейтін жігіт болса да, күйеуге тиіп ал” деп жиі қалжыңдайды. “Қыз секілді көйлек киіп жүр” деп тұрмысқа шыққан “жанашыр” әпкелерім де үнемі кеңесін аямайды, — дейді Ботакөз.

Қазақстан үкіметі көп жылдан бері гендерлік теңдік керегін айтып, түрлі мемлекеттік бағдарлама қабылдағанымен, елдегі патриархал қоғамда қыз-келіншектер әлі күнге түрлі алалауға ұшырайды. Ботакөз отбасы мен жұмыс орнында сексизммен қалай күресіп жүргенін баяндап берді.

Жұмыстағы сексизм
Көрнекі сурет. Medium.com

Тест: Хәрри Поттер әлемін қаншалық жақсы білесіз?

Ағылшын жазушысы Жоан Роулиңнің Хәрри Поттер туралы романдар сериясының шыққанына 20 жыл болса да, сиқыршы бала әлеміне қызығатындар саны азаймапты. Baribar.kz аудиториясы Хәрри Потер әлемі туралы тесттен өткен екен.

Хәрри Поттер
Иллюстрация: Yandex.by

Әселдің әңгімесі: Жусан исінің қандай екенін Сириядан келіп түсіндік

Сирияға шариғатпен жүретін өмір іздеп барып, өлімге, аштыққа және алапат өтірікке ұрынған адамдар бар. Олардың ондағы тағдыры қандай болды? Бүгінде олар қалай өмір сүріп жатыр? Қазақстан Үкіметі ұйымдастырған “Жусан” операциясы арқылы Сириядан оралған азаматтардың бірі Әсел өз тағдырын баяндап берді.

“Жусан-3″ операциясы” ролигінен кадр. Youtube/@Erlan Karin

Сұрағы жоқ сұхбат. Саша Барон Коэн

Жақында “Борат 2” фильмі жарық көрді. Бұл фильмнің шығуы елде біраз дау-дамай туғызды. Қазақстан азаматтарының бір бөлігі туындының жарық көруіне қарсылық танытып, наразылығын білдірді. Baribar.kz Борат образындағы актер Саша Барон Коэннің түрлі редакцияға берген сұхбатын оқып, цитаталарын жинақтады. Бұл қазан айындағы ең көп оқылған 5 тақырыптың бірі болды.

Sacha Noam Baron Cohen
Саша Барон Коэн. axios.com