Қазіргі уақытта техникалық ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
28 қазанда Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақаулар болды. Қосымша істен шықты, клиенттер шотындағы қаражат дұрыс көрсетілмеді. Өкінішке қарай, карталармен төлеу, банкоматтардан ақша алу немесе картаға ақша жіберу, төлемдер мен аударымдар уақытша мүмкін болмай тұр. Компания ақауды жою үшін жұмыс істеп жатыр, — деді банк өкілдері.
Айта кетейік, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мұның кибершабуыл екені туралы жалған хабарламалар тарап жатыр.
Ешқандай кибершабуыл болған жоқ, клиенттердің ақшасы сақталады, ақау жойылғаннан кейін қосымшада шоттағы ақша дұрыс көрсетіледі, — деді Kaspi.kz өкілдері.
Айта кетейік, 28 қазанда Kaspi.kz ұялы қосымшасында техникалық ақаулар пайда болды.