Басты бетҚоғамҚызылорда облысында...

Қызылорда облысында пандемия кезінде 10 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтылды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов мәлімдеді.

Әрине, бұл халықтың тұрмыс тіршілігін түзеуге арналған жоба. Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған 500 мың адамға 42500 теңге жәрдемақы төленді. 70 мыңға жуық жекелеген санаттағы азаматтарға азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету үшін 5567 теңгеден әлеуметтік төлем төленді. Аймақтық Birgemiz Qyzylorda қоры арқылы 24 мыңнан аса отбасына 50 мың теңгеден бір реттік көмек берілді. 12 мыңнан аса отбасына 1 млрд. теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді. Осы кезеңдерде әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері үздіксіз 24 сағат жұмыс жасап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Жалпы, жыл басынан 17 466 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 12 679-ы тұрақты. «Еңбек» бағдарламасына 27 мыңнан астам азамат тартылды.