Басты бетҚоғамҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев қандастардың тұрғын үй алу мәселесін көтерді

Олардың тек 1 жылға берілетін қандас мәртебесі мерзімі біткенше үй алуға мүмкіндігі бар.

Ал азаматтыққа ие болған соң бұл мәртебесі жойылып, сонымен бірге үй алу құқынан да бірден айырылады. Осыған орай, азаматтық алған қандастарымыз солтүстік өңірге көшсе, үкімет олардың үй кезегінің сақталуын қамтамасыз етуі керек. Бұл шара қандастардың осындай жұмыс күші тапшы аймақтарға көшіп баруына қосымша серпін береді. Шетелде туып-өскен қазақтардың бәрі тарихи отанын мақтан тұтады. Көп қандасымыз атажұртқа оралып жатыр. Оларға алғашқы кезде мемлекет жан-жақты қолдау көрсетуге тиіс, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.