Басты бетҚоғамҚырғызстанның парламент...

Қырғызстанның парламент спикері президент болудан бас тартты

Tengrinews.kz порталының хабарлауынша, Қырғызстан премьер-министрі Садыр Жапаров парламент спикері Қанатбек Исаев президент өкілетін орындаудан бас тартқанын мәлімдеді. Енді билік Садыр Жапаровтың өзіне өтеді.

Президент пен премьер-министрдің өкілеттері маған берілді, — деді ол.

Айта кетейік, 10 қазанда оппозиционер Садыр Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі болды, ол алдағы жағдай үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін мәлімдеді.

Еске салайық, 5 қазанға қараған түні Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламент сайлауының қорытындысымен келіспейтіндер наразылыққа шыққан. Наразылық білдірушілер Ақ үйді басып алды.

Ал бүгін, 15 қазанда Қырғызстан президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кететінін мәлімдеді.