Германия салафиттердің ұйымына заңмен тыйым салды

Берлинде сөз сөйлеген Гер­манияның ішкі істер министрі Томос де Мезиер осы елдегі «Таза дін» атты сәләфилік ұйымға тыйым салынғанын заңды түрде мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл діни ұйым 140 жасты ради­кализмге ұрындырып, олардың Сирия мен Ираққа барып, экстремистермен бірге соғыс­уы­на себеп болған.

Тұрғындарға жүздеген мың Құран мен тәпсір көшірмелерін таратып үлгерген ұйым, Герма­нияның 10 федералдық айма­ғында заңсыз деп жарияланды. Рейтерстің хабарлауынша, Германияның барлау қызметі «Таза дін» ұйымының жетекшісі Ибраһим Әбу Нагиді Сауд Арабиясынан шыққан сәлә­физм­нің басты насихатшысы деп сипаттаған.

Томос де Мезиер аталмыш ұйымның қызметіне тыйым салынғанымен, басқа діни тұлғалардың Германияда заңды түрде Құран таратуына кедергі жасалмайтынын, діни наным-сенім бостандығының шектел­мейтінін ескертті.