Түркістан облысының негізгі капиталына 260 миллиард теңге инвестиция бағытталған

Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 28% өскен. Бұл соманың 41,5%-н жеке инвестициялар құрап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Иса Құдабеков мәлімдеді.

Өңірде Түркістан облысының 2020-2024 жылдарға арналған инвестициялық жобалар пулы құрылған. Мұның аясында 1,8 трлн. теңге сомаға 201 жоба қолға алынып отыр. Бүгінгі күні 2020 жылғы жобалардан 31,5 млрд.теңге сомасына 9 жоба іске қосылып, 407 жұмыс орны құрылды. Ал шетелдің қатысуымен 25,8 млрд. теңге сомасына 2 жоба жүзеге асырылып, 160 жұмыс орны ашылды, — деді басқарма басшысы.

Айта кетерлігі, аймақта облыс әкімінің басшылығымен стратегиялық сипаттағы инвесторлардың мәселелерін қарайтын инвестициялар тарту жөніндегі өңірлік кеңес жұмыс істейді.

Сондай-ақ, облыста инвестициялар тарту және экспортты дамыту жөніндегі «Turkistan Invest» өңірлік агенттігі жұмыс істейді. Ол инвесторлар үшін фронт-офис қызметін атқарады және «бір терезе»қағидаты бойынша қолдау көрсетеді. 2020 жылы жүзеге асқан 9 жоба «Turkistan Invest» агенттігінің тікелей сүйемелдеуімен іске қосылған.