1. Спам жолдаушыларды бұғаттау

Біреу поштаға қажетсіз ақпаратты толассыз жібере берсе, алайда Gmail мұндай хабарламаны спам деп белгілемесе, қолданушы жіберушіні өзі бұғаттай алады. Ол үшін хатқа  кіріп, оң жақ бұрыштағы үш нүктені басу керек. Содан кейін «Хабарлама жіберушіні бұғаттау» тетігін таңдайды.

пошта
Дереккөз: Lifehacker.ru

Келесі жолы осы мекенжайдан келген барлық хабарлама бірден «Спам» жәшігіне түседі.

пошта
Дереккөз: Lifehacker.ru

Бұғаттаудың екінші әдісі — сүзгілерді пайдалану. Ол үшін оң жақтағы үш нүктені басып, «Ұқсас хаттарды сүзу» тармағын таңдау қажет. Қолданушы пайда болған мәзірден жіберушінің мекенжайы, тақырыбы, нақты сөздер сияқты критерийлерді анықтауға тиіс.

пошта
Дереккөз: Lifehacker.ru

Кейін бұл хабарламаларды оқылған деп белгілеуге, мұрағатқа немесе спамға жіберуге болады.

пошта
Дереккөз: Lifehacker.ru

2. «Хат жіберуден бас тарту» опциясының уақытын көбейту

Функция жіберіліп қойған хатты адресатқа жетпей тұрып қайтарып алуға мүмкіндік береді. Бұл параметр қосылған кезде хабарламаны жіберу процесі 5, 10, 20 немесе 30 секундқа кешіктіріледі. Хат жолдаушы мәтінінен қате байқағанда немесе басқа адамның электрон поштасын жазған жағдайда көмегі тиеді.

Функцияны қосу үшін жоғарғы оң жақ бұрыштағы дөңгелек жөндеу белгісін басып, ол жердегі «Барлық параметрлер», ішінен «Жалпы» тармағын таңдау керек. Ондағы тізімнен «Жіберуді болдырмау» нұсқасын басу қажет.

пошта
Дереккөз: Lifehacker.ru

3. Құпия режимді қолдану

Құпия режимді қолдану кезінде Интернет алаяқтары хабарламаларды ұрлай алмайды, хаттарды өзіне жіберуге, жүктеуге мүмкіндігі болмайды. Сонымен қатар, бұл режимде мерзім кодын орнатуға болады. Оны қосқан жағдайда хат белгілі бір уақыттан кейін өзі автомат түрде жойылады.

Пошта
Дереккөз: Lifehacker.ru

Құпия режимді қосу үшін жаңа хат жазған кезде құлып белгішесін басу керек. Ол төменгі жақта, фотосуретті қосу параметрінің жанында орналасқан.

Бұл әдісті хабарламаны бөгде ешкім оқымайтынына сенімді болғыңыз келгенде қолданған дұрыс. Себебі хат алушы ресми Gmail қосымшасын пайдаланбаса, олар электрон поштаны браузер арқылы ғана аша алады. Әрине, бұл сақтық шаралар адресаттың скриншот жасамайтынына және оларды басқалармен бөліспейтініне кепілдік бермейді.

4. Gmail-дың оффлайн функциясындағы хабарлама мен құжатты өшіру

Gmail-мен оффлайн режимде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл интернет байланысы нашар болған кезде ыңғайлы. Бірақ қауіпті. Біреудің поштасын немесе бірнеше адамға ортақ құрылғыны қолдана алатын және іздеуді білетін адам жергілікті кэштен көптеген ақпаратты шығарып ала алады.

Сондықтан электрон поштаға басқалар да пайдаланатын компьютерден немесе ұялы телефоннан, кітапхана компьютерінен кірген қолданушы жұмыс соңында барлық деректі өшіргеніне көз жеткізгені абзал.

Жөндеу бөліміндегі «Офлайн» папкасын ашып, «Қауіпсіздік» тармағындағы «Офлайн пошта деректерін компьютерден жою» нұсқасын таңдау керек. Электрон поштасы арқылы жұмыс аяқталғаннан кейін жүйеден шығуды ұмытпаған дұрыс.

Дереккөз: Lifehacker.ru

5. Кескін мен суреттерді жасыру

Өкінішке қарай, электрон поштасы арқылы хат жіберуші оның хатын ашқан-ашпағанын, хабарламаны басқа біреуге жіберіп-жібермегенін және мұның бәрін қандай құрылғыдан жасағанын қадағалай алады. Оны олар «Қадағалау пискелі» деп аталатын кішігірім суреттерді, кескіндерді пайдалану арқылы жасайды. Әрине, маркетологтарға бұл тиімді ақпарат алуға септігін тигізер. Дегенмен ешкімге біреудің өзін бақылайтыны ұнамасы анық.

Gmail спам және алаяқтық шабуылдардың белгілерінен сақтану үшін поштаға келген суреттерді автомат түрде тексереді. Егер жіберуші немесе хабарлама күдікті болса, суреттер көрсетілмейді және Gmail сізден оларды көрсетуге рұқсат сұрайды. Оның тағы бір тиімді тұсы бар: Интернет жылдамдығы артады.

Бұл функцияны іске қосу үшін Жөндеуден «Жалпы» тармағын, одан «Суреттер» бөлімін ашып, ішінен «Суреттерді ашпас бұрын рұқсат сұрау» нұсқасын таңдау қажет.

Пошта
Дереккөз: Lifehacker.ru

Бұдан кейін қолданушы поштасындағы суреттерді көрмейді, бірақ сенімді хаттардағы суреттер мен кескіндерге рұқсат беріп, ашып, жүктей алады.