Барлық хаттарды өшіріп тастаңыз

Поштаны «қоқыстан» тазартудың алғашқы амалы — хаттарды түгелдей өшіріп тастау. Алдымен Google-дың экпорт жасайтын құралымен хаттардың резервтік көшірмесін жасап алыңыз. Хаттарыңызды кейін Mozilla Thunderbird пошталық клиенті арқылы аша аласыз. Хаттардың көшірмесін жасау бірнеше сағатқа немесе күнге айналуы мүмкін. Яғни барлығы сіздің поштаңыздағы хаттардың көлеміне байланысты.

Процесс Google серверінде жүретіндіктен, компьютердің қосылып тұруы міндетті емес.

Сондай-ақ POP немесе IMAP протоколдарымен пошталық клиенттер арқылы маңызды хаттарыңызды басқа аккаунтқа жіберіп қойсаңыз да болады.

Как удалить все письма в Gmail

Хаттарды өшіру — қарапайым процесс.  Gmail поштаңыздың барлық хаттарыңыз тұратын бөліміне өтіп, сол жақ бөлігіндегі ең бірінші ұяшыққа басыңыз, «Барлығы» деген команданы басыңыз. Осылайша бүкіл хаттарыңыз белгіленеді. Бұдан кейін «себеттің» иконкасына басыңыз. Хаттарыңыз өшіреледі.

Gmail пошта

Өшірген хаттарыңыз менюдың сол жақ бөлігіндегі «Қоқыс» бөлімінде жатады. Оны да тазартып тастасаңыз болды. Сондай-ақ «Спам» папкасын ашып, аккаунтыңыздың керек емес хаттардан нақ тазарғандығын тексерсеңіз болады.

Қажет емес контактілерді өшіріңіз

Gmail хат алмасқан адамдарыңыздың контактілерін өздігінен сақтап алады. Бұл -сервистің ең ұтымды тұсы, бірақ оның зияны да жоқ емес. Тым көп контактілер үлкен қоқыс алаңына айналуы таңқаларлық дүние емес. Кейде Android-смартфонның контактілерінде қатарына сіз Gmail-да 10 жыл бұрын немесе бір рет қана хат алмасқан адамның контактісі шығып кетуі мүмкін.

Как удалить ненужные контакты в Gmail

Контактілерден тазартуды бастау үшін контактілердің бетіне өтіңіз. Соның ішінде «Өзге контактілер» категориясындағы «Тағы» қосымша бетіне өтіңіз. Мұнда пошта адресін жазарда Gmail ұсынатын адамдардың тізімі шығады. Оларды бұрын контактілер қатарына қоспаған болуыңыз да мүмкін. Қажет емес адамдарды белгілеп, оң жақтағы үш нүктесі бар таңбашаны басыңыз, одан кейін «Өшіру» командасын беріңіз.

«Ұқсас контактілер» қосымша бетінен дубликаттардың бар-жоғын тексеруге болады.

Егер контактілердің автоматты түрде сақталып қалуын қаламасаңыз, Gmail баптауларының «Жалпы» деген қосымша бетіне өтіп,  «Контактілерді автоматты түрде қоспау» командасын белгілеңіз.

Таза беттен бастаңыз

Поштаңыздың маңыздылығы аз болса, керек емес хаттардан құтылудың бір жолы -жаңа аккаунт ашу. Өзіңізге қажет хаттарды жоғарыда айтқан POP немес IMAP протоколдары арқылы жаңа аккаунтыңызға жіберсеңіз болады.

 Gmail-дың жылдам командаларын пайдаланыңыз

Gmail пошта

Жоғарыдағы кеңестерден бөлек, поштаңызды ай сайын тазартып тұруға кеңес береміз. Егер іздеу жүйесіне older_than:1y деп жазсаңыз, Gmail бір жыл бұрын келіп түскен хаттарды көрсетеді. Ай бұрын келген хаттардың тізімін шығару үшін, older_than:1m деп жазыңыз. Іздеу жүйесіне is:unimportant деп жазар болсаңыз, «Маңызды» деп белгілеген хаттарыңыздан басқа барлық хаттар шығады. Gmail-дың жылдам орындауға болатын командалары бар. Олардың барлық тізімін мына сілтемеге өтіп көре аласыз.