Тимур Сұлтанғазиев: Құс тұмауының коронавируспен байланысы жоқ

Бұл жағдайдың коронавируспен ешқандай байланысы жоқ, өйткені коронавирустың инфекция көзі — адамдар, ал мұнда ауру құстан құсқа жұғады. Алайда жұқпайды деп құр отырған жоқпыз, қазіргі уақытта әрбір денсаулық сақтау мекемелерімен жұмыс жүргізіліп жатыр. Құс фермаларында жұмыс істейтін қызметкерлердің жағдайын, денсаулығын бақылауға алдық, — деді Тимур Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.

9-20 қыркүйек аралығында Қазақстанның 5 өңірінде құс тұмауы тіркелді. 17 қыркүйектен бастап Солтүстік Қазақстан облысының 7 ауданына карантин енгізілді. Аталған аудандардан құс өнімдерін шығаруға шектеу қойылды.

19 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы тағы бір — Айыртау ауданында құс тұмауы анықталды. Осыған байланысты Айыртау ауданының Қарақамыс ауылына да карантин енгізілді.

Айта кетейік, Қазақстанда 2005 жылдан бері құс тұмауы тіркелмеген.