Арыста орналасқан «Арай» өндірістік кооперативінің аяқкиім тігу цехы 1996 жылдан бері жұмыс істейді. 2019 жылы толық жаңғыртылған. Онда таза табиғи былғарыдан ерлер және балалар аяқ-киімдері тігіледі. Шикізатты Түркия елінен алып отыр.
Цехта 10 адам жұмыс істейді. Тұтынушылар — негізінен Арыс қаласының тұрғындары. Отандық өнімнің сапасы жоғары, сондықтан сұраныс көп.
Өндіріс орны 2018 жылы «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4,8 миллион теңге, ал 2019 жылы «Қамқор» бағдарламасының аясында жылдық мөшері 1%-пен 5 миллион теңге несие алған және «Менің атамекенім» жобасы арқылы ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарына қаржы берілген.
Кооператив иесінің айтуынша, алдағы уақытта өнім түрі мен көлемін көбейтіп, оларды Қазақстанның өзге өңірлеріне жөнелту жоспарда бар.
