Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

«Мектепке жол». Келесте 60 оқушыға оқу құралдарына толы сөмкелер берілді

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Nur Otan партиясы Келес аудандық филиалының ұйымдастыруымен, демеушілердің есебінен «Мектепке жол» акциясы өткізілді.
Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына жаңа оқу жылына қажетті оқу құрал-жабдықтарымен жасақталған сөмкелер дайындалып, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мен «Jas Otan» ЖҚ-ның ерікті жастары арқылы табысталды.
Жалпы 60 оқушы мектеп құрал-жабдықтарына ие болды.

Мақалаға реакция