Басты бетҚоғамИнклюзив білім...

Инклюзив білім беру туралы үздік материалға республикалық конкурс басталды

Сайыс 5 номинация бойынша өтеді: телевизия жұмысы, әлеуметтік ролик, баспасөз бетіндегі жарияланым, интернет-мақала және интернет- жарияланым/пост.

Өтінімдер 2021 жылғы 1 наурызға дейін (қоса) қабылданады. Жеңімпаздардың есімі Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні 2021 жылғы 2 сәуірде жарияланады. Ұйымдастырушыларының айтуынша, конкурс даму ерекшеліктері бар балаларды әлеуметтік бейімдеудің практикасы мен сәтті тәжірибесін атап өтіп, азаматтарды инклюзив білім берудің міндеттері мен артықшылықтары туралы ақпараттандыру процесіне журналистер мен әлеуметтік желілердің белсенді қолданушыларын тартуға көмектеседі.

Конкурс аутистикалық спектрі бұзылған адамдарға қазақстандық қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастыруға оң әсер етеді. Байқау өткізіліп жатан уақыт ішінде Қазақстан мен шет елдерден барлығы 200-ден астам жұмыс келіп түсті, — деді ұйымдастырушылар.

Байқауға республика және өңір телеарналарының, ақпарат агенттіктерінің, баспа басылымдарының журналистері, сонымен бірге әлеуметтік желілерді қолданушылар қатыса алады.

Қазылар алқасының құрамына белгілі журналистер, медиа жетекшілері және жай ғана жанашыр азаматтар кірді: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, телевизия продюсері және журналист Ләйля Сұлтанқызы, «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина, «Книга перемен» кітап-блокнот авторы, журналист Бота Байтукбаева, «Болашақ» корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шәйжүнісова және басқалары.

Конкурс шарттарымен www.bolashakcharity.kz сайтында танысуға болады. Толық ақпаратты +7 775 225 19 07 (Ляйля), 8 7172 500 618 телефондары бойынша алуға болады.