Қызылорда облысында мемлекеттік бағдарламамен 14 шақырым жылу жүйесі жаңарып жатыр

Әкімнің айтуынша, аймақта алдағы жылу беру маусымында 1185 әлеуметтік сала нысандарына 39,5 мың тонна қатты және 26 мың тонна сұйық отын, ал жергілікті тұрғындарға 163,6 мың тонна көмір қажет.

Қала және аудан тұрғындары үшін көмір бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында көмір өндіретін кәсіпорындармен тікелей келісімшарт жасалып жатыр. Қазіргі кезде коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстары 66%, әлеуметтік сала нысандары 81% дайын. Сондай-ақ орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көпқабатты тұрғын үйлердің дайындығы бүгінде 70%, — деді Гүлшара Әбдіқалықова.

«Нұрлы жер» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары бойынша Қызылорда қаласында 14 шақырым жылу жүйелерін жаңғырту жұмыстары іске асты. Сондай-ақ облыс бойынша 19 әлеуметтік нысанның жылу қазандықтарын газ отынына бейімдеу жұмыстары жүріп жатыр.