«Мектепке жол». Қызылорда журналистері оқушыларға сөмке табыстады

Шара барысында «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Мұрат Жетпісбаев бүлдіршіндерге жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, оқуда озат, елін түлетер ұрпақ болыңыздар деген тілегін білдірді.

Ақжарма ауылдық округының әкімі Жұмабек Әлиев елге қол ұшын берген журналистерге алғыс айтты.

Мектеп директоры Өркен Орынбекұлы ата-аналар мен оқушыларға игі бастама жалғасатынын жеткізді. БАҚ өкілдері мен мектеп директорына ризашылықтарын білдірген ата-аналар абырой тіледі.

Айта кету керек, биыл Қызылорда бойынша 4 мектеп дәстүрлі оқытылады. Соның бірі —  Талдыарал елді мекеніндегі №215 орта мектебі.