Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Берік Нәжімиденов Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Берік Нәжімиденов. Фото: Primeminister.kz

Қаржы министрінің бұйрығымен Берік Нәжімиденов Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Берік Нәжімиденов 1979 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы — экономист-менеджер, заңгер.

Еңбек жолын 2000 жылы Павлодар мұнай өңдеу зауытында оператор болып бастаған.

2002-12 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасында түрлі лауазымды атқарған.

2012-14 жылдары Нұр-Сұлтан бойынша Қаржылық бақылау комитетінде жұмыс істеген.

2014-16 жылдары Қарағанды бойынша Қаржылық бақылау және ішкі мемлекеттік аудит комитетінде жұмыс істеді.