Қазақстандағы коронавирус инфекциясы ахуалы. 24 тамыз

Коронавирус жұқтырғандар елдің 16 өңірінде тіркелді, тек Маңғыстау облысында бірде-бір адамнан инфекция табылмады.

23 тамыздың қорытындысы бойынша 1 509 адам ауруынан айықты, 13 пациент қайтыс болды.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте тіркелген дерек саны:

Алматыда — 14 084(+12);
Нұр-Сұлтанда — 13 738(+8);
Атырау облысында — 10 833(+15);
Қарағанды облысында — 9 958(+20);
Шығыс Қазақстан облысында — 8 007(+28);
Батыс Қазақстан облысында — 6 690(+13);
Шымкентте — 5 165(+1);
Алматы облысында — 4 875(+7);
Жамбыл облысында — 4 057(+6);
Солтүстік Қазақстан облысында — 3 861(+12);
Павлодар облысында — 3 777(+13);
Қостанай облысында — 3 346(+10);
Маңғыстау облысында — 3 315(+0);
Ақмола облысында — 3 331(+14);
Қызылорда облысында — 3 227(+1);
Түркістан облысында — 3 255(+10);
Ақтөбе облысында — 3 199(+5).

Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 104 718-ге жетті. Аурудан 92 598 адам жазылды.