Елімізде телевизия және радио жұмысы уақытша тоқтайды

19 тамыз күні сағат 03.00 мен 17.00 аралығында жерсеріктік, цифр және аналог эфирлік желілердің техника құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы профилактика жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, — делінген хабарламада.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын профилактика жұмыстарын жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.