Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды

Басылымның хабарлауынша, Айсұлтанның не себепті қайтыс болғаны әлі белгісіз.

Өлім себебі анықталып жатыр. Болжам бойынша — жүрегі тоқтап қалған. Өзге мәліметтер әлі белгісіз, — делінген басылымда.

Ол 10 күннен кейін 30 жасқа толатын еді.

Айсұлтан Назарбаев — Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Ол 1990 жылы 26 тамызда дүниеге келген.

Айсұлтан Назарбаев Сандхерсттегі Британ король әскери академиясын (2009-2010) және КИМЭП университетінің магистратурасын «бизнес-әкімшілік» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде Бас барлау басқармасында қызмет еткен. Футболмен айналысқан, бірнеше Қазақстан және шетел клубында, соның ішінде «Портсмута» жасөспірімдер командасында өнер көрсеткен.

ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдарымен және Ұлттық қауымдастықтармен байланыс жөніндегі Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті болған.