Талдықорғанда журналист Бейсен Құранбекке арнап мурал салынады

Портрет авторы — жас суретші Еркеғали Иманғали.

Біз үшін Бейсен Құранбек журналист қана емес, ол — ұстаз, өңірдің дамуына өз үлесін қосқан тұлға. Ол көп жас журналисті тәрбиеледі, Қазақстандағы мыңдаған адамның мәселесін шешті. Бұл жобаны жүзеге асыру біз үшін зор құрмет, — деді суретші.

Биыл 18 мамырда журналист, тележүргізуші, «Жетісу» телекомпаниясының директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Бейсен Құранбек қайтыс болды.

2013-17 жылдары «Қазақстан» телеарнасындағы «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды. Одан кейін «Қарекет» бағдарламасын жүргізді. 2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып тағайындалған еді.