«Ағымдағы жылы ауылдық жерлердегі пошта бөлімшелерін автоматтандыру бойынша санды 67 пайызға дейін жеткіздік», — деп баса айтты ол.
Оның айтуынша, 2017 жылға дейін ауылдық жерлердегі пошта бөлімшелері 100% автоматтандырылады. Сондай-ақ, ол үдерістерді автоматтандырудың арқасында пошта саласындағы жымқырулар саны қысқаратынына сенімді.
Өз кезегінде, инвестициялар және даму вице-министрі ауылдық жерлердегі бөлімшелерде 7 600 пошташы жұмыс істейтінін және «Қазпошта» бөлімшелерінің 72% жуығы ғимаратты жалға алу жағдайында қызмет ететінін, 10% апатты жағдайда екенін айтып өтті.
Ведомство басшысы орынбасарының сөзінше, жыл сайын «Қазпошта» АҚ қызметіне 6 млрд теңгеге жуық инвестиция салу жоспарланған.
Фото:ortcom.kz