Қызылорда ауруханаларына өкпені жасанды желдету аппараты сыйға берілді

Қызылорда облысында эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі кезеңінде бірқатар кәсіпкер денсаулық сақтау саласына демеушілік жасап, заттай көмектер ұйымдастырып келеді.

Бүгін «Сат-Сервис», «Бақ-Береке», «Сапак», «Асанас-Дар», «Нур-Ай», «Алтын Айдарлы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бірігіп, бағасы 39,7 миллион теңге болатын бір өкпені жасанды желдету аппаратын және 15 оттегі концентраторын сыйға тартты.

Өкпені жасанды желдететін бір аппарат пен екі оттегі концентраторы қалалық ауруханаға берілсе, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының базасы үш аппаратпен толықты. Облыстық балалар ауруханасына бес, «Ана мен бала» орталығына бес құрылғы табысталды.