Елорда күніне орай Текеліде биіктігі 25 метрлік тутұғыр орнатылды

Бұл жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Ту көтеру құрметіне каратэден жасөспірімдер арасындағы Әлем және Азия чемпионы Әсемай Акрамбек ие болды.

Текеліде «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша барлығы 13 жоба жүзеге асып жатыр. Оған 1 миллиард 837 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген.

Текелі, тутұғыр
Фото: Inform.kz

Сонымен қатар моноқалада балаларға арналған екі спорт алаңы да пайдалануға берілді. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға барлығы 214 адам қамтылуға тиіс. Қазір соның тең жартысынан астамы қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тартылып, аталған нысандарда еңбек етіп жатыр.