Басты бетҚоғамҚызылордада 51...

Қызылордада 51 мыңнан астам кәсіпкер салық жеңілдігіне қол жеткізді

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, кәсіпкерлер шағын бизнесті жалдау ақысынан, салық төлеуден босатылған және салық, несие төлемдерінің мерзімі кейінге ұзартылған.

Нәтижесінде, мемлекеттік мүлікті жалдау ақысынан босату бойынша 21 миллион теңге болатын 365 келісімшарт жасалған.

Гүлшара Әбдіқалықова
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар 8 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдері салық және несие төлемдерін кейінге қалдыру жеңілдігін иеленіп отыр.

51 мыңнан астам кәсіпкер салық жеңілдігіне қол жеткізсе, 9 мыңға жуық кәсіпкер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемінен босатылған.

Өңірде кәсіперлерге қолдау білдіру мақсатында «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы аясында көзделген қаражат 1,7 миллиард теңгеден 3,4 миллиард теңгеге дейін, яғни екі есе ұлғайтылып, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етуде ұсынылған қолайлы мүмкіндіктерді ескере отырып жергілікті қаржы институты — «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығының қызметі 2025 жылдың аяғына дейін ұзартылған.