Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысын Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин аппараттық отырыста таныстырды.

Самат Данияров Ақтөбе мемлекеттік медицина институты мен С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің түлегі. Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облысының ауруханасында қызмет етуден бастаған.

Әртүрлі жылдары Қызылорда облысының ауруханасында инспектор, Ақтөбе облысының денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы, басқарма басшысының орынбасары, Ақтөбе облысындағы клиникалық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарды.
2017 жылдан бастап Отбасылық медицина орталығының бас дәрігері болып келді.