Жолан Омаров өмірден озды. Бүгін таңертең Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров пневмониядан қайтыс болды. Жолан Ыбрайахынұлы 1979 жылы 7 шілдеде дүниеге келген. 4 баласы бар, — деп хабарлады аудан әкімдігі.
Жолан Омаров Талғар ауданының әкімі қызметіне 2019 жылдың қыркүйегінде тағайындалды.
Бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров, Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов те пневмониядан қайтыс болғаны хабарланған еді.