Бір тәулікте анықталған жағдай саны

Қазақстанда бір тәулікте 1 402 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде 589 науқастан COVID-19 инфекциясы анықталғанымен ешқандай симптомы болмаған. Ал 813 науқастың ауру белгісі бар.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Шығыс Қазақстан облысында көп тіркелді. Ал Қызылорда облысында ең аз науқас тіркелген. Мұнда 8 адамнан коронавирус анықталды.

Өңірлерде бір тәулікте тіркелген дерек саны:

Алматыда — 221;
Нұр-Сұлтанда — 292;
Атырау облысында — 37;
Қарағанды облысында — 106;
Шығыс Қазақстан облысында — 171;
Батыс Қазақстан облысында — 88;
Шымкентте — 54;
Алматы облысында — 38;
Жамбыл облысында — 52;
Ақтөбе облысында — 25;
Павлодар облысында — 54;
Солтүстік Қазақстан облысында — 74;
Қызылорда облысында — 8;
Маңғыстау облысында — 45;
Түркістан облысында — 23;
Ақмола облысында — 56;
Қостанай облысында — 58.

Коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны

Елімізде  коронавирус инфекциясы барлығы 83 122 адамнан анықталды:

Алматыда — 10 712;
Нұр-Сұлтанда — 10 070;
Атырау облысында — 9 988;
Қарағанды облысында — 8 058;
Шығыс Қазақстан облысында — 5 492;
Батыс Қазақстан облысында — 5 394;
Шымкентте — 4 708;
Алматы облысында — 4 030;
Жамбыл облысында — 3 288;
Ақтөбе облысында — 2 947;
Павлодар облысында — 2 880;
Солтүстік Қазақстан облысында — 2 779;
Қызылорда облысында — 2 738;
Маңғыстау облысында — 2 699;
Түркістан облысында — 2 615;
Ақмола облысында — 2 370;
Қостанай облысында — 2 354.

Аурудан жазылған пациент саны

Бір тәулікте 748 адам коронавирустан айықты. Қазақстанда барлығы 52 571 адам COVID-19-дан жазылып шықты.

Қайтыс болғандар саны

Коронавирус инфекциясынан 610 адам қайтыс болды. Алайда ресми статистикада 585 науқас деп көрсетілген. Өйткені инфекция жұқтырып, қайтыс болғандар туралы дерек аптасына бір рет беріліп жүр.